
Ахмет Байтұрсынұлы алаңында Домбыра күніне орай «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты челленджге түсірілім өтті.
«Жұлдыз» домбыра студиясының домбырашылары алаңда домбыраның келбетін келтіре орналасып, күй күмбірлетті.
Аталмыш шараны ұйымдастырған Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университеті мен облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
Осындай шараға қолдау білдірген студияның жетекшісі мен домбырашыларына, университет ұжымына алғыс білдіреміз.