Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Тәуелсіз елдің біртұтастығының нышаны, егемендіктің берік негізі – қастерлі үш нышан – Ту, Елтаңба және Әнұран
Бұл маңызды мереке – Тәуелсіз елдің құндылықтары мен жетістіктерінің, қазақстандықтардың бірлік-берекесінің көрінісі.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 29 жыл бұрын 4 маусым күні бекітілген еді. Сол сәт дербес ел тарихына үш нышанның туған күні ретінде алтын әріппен жазылды.
Рәміздердің тарихынан хабардар болу, олардағы нақыштардың мән-мазмұнын білу – оларды ардақ тұтудың бастамасы.
Сондықтан жас ұрпаққа Ту өр намыстың, Әнұран асқақ рухтың, Елтаңба тереңдік пен кемелдіктің символы екенін дәріптеу – әрқайсымыздың парызымыз!
Әрдайым Қазақстан Ресбуликасының мәртебесі асқақтап, даңқы арта берсін!
Мемлекеттік мереке құтты болсын!