Аналар аман болсын Көзді ашып жұмғанша бір апта да өте шықты. Зымырап жатқан уақыт, өтіп жатқан өмір. Әр күніміз тек шаттыққа толы болсын. Жақындарымыз аман болсын. Демалыста туғандарыңызбен бірге болыңыздар. Әсіресе туған үйдің ыстық шуағына шомылып, аналарыңыздың жып-жылы алақанын сезініңіздер. Баршамыздың Аналарымыз аман болсын деп Асылхан Шалқаровтың «Мама» әнін ұсынамыз. Анасы бар адамдар бақытты ғой, шіркін!