Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Жайдарлы жаздың алғашқы күні қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейраммен қатар келеді. Бала - бауыр етіміз. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ. Сондықтан біздің ертеңгі жалғасымыз балалар аман болсын. Дендері сау, болашақтары жарқын болғай.
Биылғы жылды Президентіміз Қ.Тоқаев «Балалар жылы» деп атады. Осы жылдың аясында көптеген бастамалар қолға алынды. Мұның бәрі де жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі үшін жасалып жатқан қам. Олардың ертіңгі күні жарқын, алаңсыз болуы үшін бүгіннен тер төгіп, бар жақсылықты балаларға жасай білуіміз керек.
Елімізде ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.