ДК нұсқасы
Установить приложение
Бүгін әріптесіміз Гүлнар Сәрсенбайқызының туған күні.
49 мүшелден шығып жатыр. Қазақ әр мүшелге ерекше мән берген, сондықтан бұл туған күн Сіз үшін мерекелі болсын. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңыздың ырыс байлығын тілейміз.
Жүрегіңізде мәңгі жастық жалыны, көңіліңізде сезімнің шалқыған шаттығы толастамасын. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп, біз де соның біріміз.
Әрқашанда жайнап, шалқып жүріңіз,
Ақ тілектен шашу болсын жырымыз.
Үзілмесін өмірдің жыр – әні,
Бақыттың өрге тартып әр таңы.
Еңбектің тек зейнетін көре беріп,
Келер күн сәулелі болсын шуақты.
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы