Қостанай ауданының "Алтын дән" мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға аудан басшылары, ауданның мәдениет саласы қызметкерлері қатысты.
Үздік мәдени қызметкерлерге облыстық мәдениет басқармасы мен басқарма басшысы Е.Қалмақовтың және де облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының атынан Алғыс хат табысталды.
Алғыс хатты орталық басшысы Д. Қалқаев табыстап, баршаны мерейлі мерекемен құттықтады.