Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрасын дәріптеуге зор үлес қосып жүрсіздер. Бұл мереке өз ісіне адал әрі талмай еңбек етіп жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.
Елдің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген сіздерге алғысымыз зор. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!
Киелі өнер жолында аянбай тер төгіп, қолға алған әр істі биік тұғырдан көрсетіп жүрген бастамаларыңыз мақтауға тұрарлық.
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш пен шаттық, отбасыларыңызға амандық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.