«Іңкәрім» әнінің тарихы туралы Төлеген Мұхамеджановтың әңгімесінен алынды:
«Іңкәрім» әнінің тарихы қызық. Роза апам үйіне шақырып алып, палау пісіріп жатқан кезінде Бәкір Тәжібаев ағай бар, марқұмдардың топырағы торқа болсын, үшеуіміз бір жарым сағаттай отырып сөзін құрастыруға кірістік. Роза апам «Қайырмасында «Іңкәрім-ай» сөзі болсын» деді. Бәкір аға тілге шебер ғой, негізгі сөзін өзі жазды. Апамыз ас үйге палау әкелуге кеткенде аспаппен бірден әуенін ойнап шығардым. Роза апамыз жүгіріп келіп, қосылып әнді айта бастадық.»