DK nusqasy
Дауыс беру үшін мына сілтемеге өтуге болады: https://vote.rtrk.kz/uzdik-aitysker
Айбек Қалиев – көрнекті айтыс ақыны, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мәдениет саласының үздігі». 1978 жылы Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1992 жылдан бастап айтыс өнерімен айналысады. Халықаралық, республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 2017 жылы Республикалық айтыста Бас жүлдені жеңіп алып, айтыс тарихында тұңғыш рет берілген «Айтыстың ақтангері» атағын иеленді. Бірнеше оқулықтардың авторы. «Құрмет» орденінің кавалері.