Құрметті ардақты аналар мен аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті әйелдер қауымы!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақты аналарымыз бен қымбатты апа-қарындастарымыздың осы бір тамаша мейрамы көктемнің келуімен тұстасып жатады. Жылы шуақ ала келген осы бір мерекеде барлықтарыңыздың шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүздеріңіз күлкіге толы болсын демекпіз!
Халықаралық әйелдер күні мерекесін пайдаланып Қостанай облыстық мәдениет басқармасының мәртебесін асқақтатып жүрген барлық әйел азаматтарға үлкен алғысымызды айтамыз. Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын дей отыра еңбектеріңізге жеміс, сәттілік тілейміз!
Барша қазақстандық әйелдер қауымына көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашанда бақыт және әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін дегіміз келеді!