Бүгін өңірге танымал өнерпаз, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі, облыстық Композиторлар одағының төрағасы Азамат Мұқатовтың туған күні.
Әріптесімізді меншікті мерекесімен құттықтаймыз!
Өмір жасы ұзақ, дені сау, бақыты баянды, қызметі табысты, отбасы аман болсын деп тілейміз!
Ерек дарынымен ел алғысына бөленіп, құрмет-қошеметке кенеліп, абыройы асқармен теңеліп, барлық арман-мұраты орындала бергей.