Бүгін "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы Нағима Спанқызы Хасанованың туған күні.
Әріптесімізді жаңа жасқа толуымен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Мәдениет саласында көптеген жылдар бойы табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Нағима Спанқызы біліктілігімен, үлкен тәжірибесімен көзге түскен жан.
Қызмет жолында сансыз жетістіктерге жетіп, ізбасарларына үлгі болып келеді. Еңбекқор, мақсаткер, талапшыл, майталман маманның әлі де биік белестерді бағындырарына кәміл сенеміз.
Туған күн иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, мол бақыт, шығармашылығына жеміс, отбасына амандық тілейміз! Алла өзіңізге дүниедегі барлық жақсылықты нәсіп етсін! Жүз жасаңыз!