Құрметті оқырмандар! Қадірменді достар! Міне, тағы бір апта түгесілгелі тұр. Алда – сенбі мен жексенбі, қат-қабат жұмыс, қызу қызмет, қам-қарекеттен дамыл таптырар күндер. Әр демалысының сергек, сәтті өтуін кім-кім де қалайды. Олай болса, әрқайсыңызға жайлы да сайлы демалыс тілей отырып, сіздер үшін сайтымызда жаңа айдар ашылатынын хабарлаймыз. Атап айтқанда, аптаның әр жұмасында өздеріңіздің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында әсем әуен, сұлу сазға толы бағдарлама ұсынып отырмақпыз! Бізбен бізге болыңыздар!