Бүгін Меңдіқара ауданы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанна Мұхитденқызының туған күні.
Әріптесімізді меншікті мерекесімен ұжымымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өз ісін шебер меңгерген тәжірибелі маман, білікті әрі үлгілі басшы ретінде жақсы білеміз.
Еңбек жолында ерен табыстарға жетіп, талай белестерді бағындырдыңыз. Өмір жолында жан-жағыңызды доспен қалап, айналаңыздың құрметіне бөлендіңіз.
Тұлғалық ұстаным мен азаматтық қағидасына берік, қызметіне жауапты, мақсатына адал жан екеніңізді әлі де дәлелдеп келесіз. Кез келген істі ұршықша иіріп әкететін ұйымдастырушылық қабілетіңіз көпке аян. Өзіңіз бастаған ұжым әлі талай жетістіктерге жететініне күмән келтірмейміз!
Құрметті Жанна Мұхитденқызы, жаңа жасыңыз жақсылықтарға ғана кенелтсін!
Ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау, отбасыңыз аман, қызметіңіз мәуелі, беделіңіз биік болсын! Жасыңызға жас қосылып, 100-ге жетуіңізге тілектеспіз!