Құрметті
Марат Қазбекұлы
Сізді зейнеткерлік жасқа келуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өзіңізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айналасына қамқорлық көрсетіп жүретін аяулы азамат, үлгілі аға ретінде жақсы білеміз.
Біздің Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының іс-шаралары әрқашан Сіздің алысты жақындатып, барысты жеделдеткеніңіздің арқасында жоғары деңгейде өтетіні шындық, Сондықтан ұжымның жоспарлы жұмыстарын жүзеге асыруға жанашырлықпен ат салысып келгеніңіз үшін алғыс айтамыз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,, отбасыңызға бақ-береке тілейміз.
________________
Тілек білдіруші:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы