Бүгін әріптесіміз, дарынды әнші Оразбек Ғалымовтың туған күні.
Қуаныш иесін жаңа жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрқашан денсаулығы мықты, басы аман, бауыры бүтін, ғұмыр жасы ұзақ болсын деп тілейміз!
Отбасы берекелі, әр күні мерекелі болып, шығармашылық шыңынан, бедел биігінен көріне беріңіз!
Сіз халқыңызды әнге бөлеп, ел-жұртыңыз сізді алғыспен алқап, өміріңіз сәнді де мәнді болып жалғассын!
Жасыңызға жас қосылып, шаттығыңыз еселене берсін!
Тәңір тілеуіңізге жеткізсін!