Бүгін "Шабыт қанатында" журналының кезекті нөмірі қалың оқырманға жол тартты. Журналдың бұл санында Қостанай облысының мәдениет және өнер саласындағы жыл қорытындылары жарияланып отыр.
Атап айтқанда, 2021 жылғы маңызды оқиғаларға шолу жасалып, тартымды, тағылымды дүниелер ұсынылды. Мәселен, журналдың жылайрықтағы нөмірінде мәдениет саласында қызмет етіп жүрген Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы туралы мақала, белгілі өнер тұлғаларымен жүргізілген сұқбаттар, жыл соңында өңірде өткен ауқымды іс-шаралар туралы және басқа да көптеген қызықты тақырыптарда әзірленген материалдарды оқи аласыздар!
Айта кетейік, журналдың келесі нөмірі наурыз айында жарыққа шығады. Басылымға "Қазпочта" АҚ арқылы жазылуларыңызға болады. "Шабыт қанатында" журналы төрлеріңізде болсын!