2022 жылдың алғашқы күнінде бірнеше әріптесіміздің жасына жас қосылып жатыр. Солардың қатарында театр және кино актері, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының басшысы Әлімхан Мырзаханұлы бар.
Шаттық иесін шынайы ықыласымызбен туған күнімен құттықтаймыз!
Тобыл-Торғай өңірінің театр өнерінің өркендеп-дамуына еселі үлес қосып жүрген дарынды әртіс, білікті басшының есімі өнерсүйер қауымға таңсық емес. Сыйлы, құрметті әртесіміздің беделі биіктеп, абыройы артып, шығармашылығы шарықтап, еңбегі мәуелене берсін!
Алла ұзағынан ғұмыр нәсіп етіп, тәнге саулық, жанға тыныштық, отбасыңызға бақ-береке, есен-амандық бұйыртсын! Жасай беріңіз, жарқырап, жайнай түсіңіз!