Әріптесіміз, мәдени-ойын-сауық жұмыстарын ұйымдастыру және халық шығармашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Молдашеваны немерелі болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Нәрестенің бауы берік, дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз!
Таудай азамат болып ержетіп, елдің баласына айналсын, ата-ана, туыс-бауырларын қызық-қуанышына бөлей берсін!
Соңынан ерер бөбектер көп болсын!