Бүгін әріптесіміз, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбайдың туған күні.
Үшінші мүшел жасқа келіп отырған қуаныш иесіне шын жүректен құттықтау айтамыз!
Сіздің өңір өнерінің дамуына үлес қосып жүрген дарынды азамат ретінде де, қызметіне жауапты, өз ісіне сауатты маман ретінде де орныңыз бөлек.
Қабілетіңіз еленіп, елдің алғысына бөленіп жүрген жансыз.
Тілейтініміз – дәйім абыройыңыз артып, беделіңіз биіктей берсін! Өмір жасыңыз ұзақ, деніңіз сау, отбасыңыз аман, ортаңыз түгел болсын!
Мүшелден мүшелге есен жетіңіз! Бақ-береке, ырыс-несібеңіз ортаймасын!