altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЕЛБАСЫҒА ТОСЫННАН БАТА БЕРГЕН
30.11.2021
1168
0
Мына ескі таспадан Әулиекөл ауданының тұрғыны болған, ҰОС ардагері, сол кезде сексеннің сеңгірінен асқан ақсақал Керей Атантаевтың Елбасының қолын алып, ақ батасын беріп жатқандығын көруге болады. Бұл сонау 1991 жылдың желтоқсан айында өтетін Бүкілхалықтық президенттік сайлауға он күн бұрын қалған сәт екен. Елбасымыз сол уақытта сайлауалды бағдарламасымен Қостанай облысына келгенде,  Әулиекөл ауданының Сұлукөл кеңшарына да атбасын бұрған көрінеді. Бұл материалды алғаш рет "Қостанай таңы" газетінің тілшісі жариялаған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер болған Н.Ә.Назарбаевты қостанайлықтардың салтанатты түрде қарсы алып, кеңшардың тыныс-тіршілігінен хабардар еткен тарихи бейнетаспасы да бүгінде Атантаевтар әулетінің отбасылық мұрағатында сақтаулы. Керей ақсақалдың кіші ұлы Мылтыққали ағамыз алып келген бұл бейнетаспаның кейбір бөлігін біздің сайтымыздан да көре аласыздар.
 
…Тұнған тарихты бейнелейтін бұл бейнетаспадан Н.Назарбаевты ұшақтан күтіп алу, дәстүрлі нан мен тұз ұсыну, облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралау, Сұлукөлдегі шаруашылықты таныстыру, кандидаттың ауыл конторының алдында ауданның әр түкпірінен жиналған тұрғындармен кездесуі сияқты көріністерді көруге болады. Сайлаушыларының алдында Н.Назарбаев та кең көсіліп, ашық әрі шынайы сөйлеуде. Ол жиналған жұртшылықты еліміз үшін бұл өзгерістердің оңайға соқпайтынын, бірақ мұның бәрі өткінші екендігін, сондықтан болашаққа сенімді көзқараспен қарауға шақыруда. Сондықтан да “Сенімді болсаңыздар, Назарбаевқа дауыс беріңіздер” дейді. Ең бастысы, бұл жерде Елбасының сөзін ұйып тыңдаған халықтың жүзінен СССР-дің құрамынан бөлініп шыққан Қазақ елінің жарқын болашағына деген нық сенімді көреміз. 


 
Кездесу аяқталғаннан кейін жиналған халықтың арасынан “мен бір бата берейін, айналайын” деп бір ақсақал суырылып шығып, Назарбаевқа қарай беттеді. Нұрсұлтан Әбішұлы да “келіңіз, келіңіз” деп кішіпейілділік танытып жатыр. Өз бастамасымен ортаға суырылып шығып, ризашылығын бата арқылы жеткізгісі келген атамыз алақанды жайып жіберіп, болашақ Елбасыға ақ батасын жаудырды. 
 
Бұл – Керей Атантаев еді. Ақсақал ол кезде 81 жаста болыпты. Әулиекөл ауданының Қырқуыс ауылының тумасы Керей ата сонау Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға да қатысқан екен. Ардақты ардагер соғыстан кейінгі жылдары жем-шөп тасымалдаушы болып еңбек еткен. Тоқсан жасында көз жұмған қария көзі тірісінде 10 немере, 23 шөбере, 2 шөпшек көрді. “Орнында бар оңалар” демекші, бүгінде ақсақалдың ұрпақтары жыл сайын 9 мамырда ата рухына тағзым етіп, дұға бағыштауды ешқашан ұмытқан емес… 
 
Сонымен, көп ұзамай, 1991 жылдың 1 желтоқсанында ел халқы қазақтың мың жылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентін сайлады. Сонау сындарлы шақтағы сол қуанышты күндерді ел халқы да әсте ұмыта қойған жоқ шығар. Құдайға шүкір, бүгінде халықтың сол сенімі ақталды, бұл жерде елді тоқырау жылдары қиналтпай алып шығып, Қазақ елін әлемге танытқан тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының өлшеусіз еңбек сіңіргенін де ерекше атап өтуіміз керек. 
 
Осы бейнетаспаны біздің редакциямызға алып келген ақсақалдың кіші баласы Мылтыққали да әкесінің көзі тірісінде еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, Қазақ елін әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының ерен еңбегіне, еліміздің әр жетістіктігіне риза болып, “Сол кезде менің берген батамның да септігі тиген шығар, әйтеуір Нұрсұлтан Президент болып сайланғанда мен ғана емес, бүкіл қазақ халқы қатты қуанды ғой. Патшамыз әрдайым жетістіктерден көрініп, еліміз көркейе берсе екен. Соғыс деген пәле ешқашан болмасын” деп үнемі айтып отыратын еді деп еске алады. 

Иә, әр ауыл өзінше бір шежіре. Сондықтан да болар, Керей атаның ұрпақтары көзінің қарашығындай сақтаған бұл бейнетаспаны көре отырып, кейінгі буын біз де үлкен тарихтың кішкентай ауылдан бастау алғанына бір марқайып қалғандай болдық.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру