Бүгін танымал қобызшы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жанынан құрылған Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР Күйшілер одағының облыстық филиалының төрағасы Батырбек Қасымұлы Байназаровтың туған күні.
Қуаныш иесін жаңа жасымен шынайы көңілмен құттықтаймыз!
Деніне саулық, отбасына амандық, қызметіне толайым табыстар тілейміз!
Өңір өнерін өрге сүйреп жүрген еселі еңбегіңіз әрдайым елене берсін! Артыңыздан ерген өскелең өнерпаздарға өнеге болар тұлғаға айналыңыз!
Жасыңызға жас қосылып, өзіңіз жүз, ұрпағыңызбен мың жасаңыз!