Бүгін әріптесіміз, орталықтың халық шығармашылығын дамыту мәселелері жөніндегі әдіскер Бибігүл Баженова немерелі болды.
Бибігүл Сембайқызын өмірге кесте тігер нәрестенің келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Немереңіздің бауы берік, ғұмыр жасы ұзақ болсын, ақылды да көрікті қыз болып бойжетіп, өздеріңізге қызық-қуанышын көрсете берсін деп тілейміз!
Соңынан іні-сіңлілері ере бергей!
Шаңырағыңыздың шаттығы ортаймасын, көрінген көбелектеріңіздің ортасында өзіңіз де аман-есен жүріңіз!