Ұстаздық – өмірдегі ең құрметті, ең ізгі, абыройлы мамандық. Өйткені мұғалімдер елдің келешек иелеріне сапалы білім, саналы тәрбие беретін қадірлі жандар.
Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі», - деген қанатты сөзі осы салада еңбек етіп жүрген мамандарға берілген зор баға деп білеміз. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің де мұғалімді мектептің жанына теңеуі бекер емес. Жүрек шуағын, бар жиған білімін жас ұрпақ көкейіне құятын, өскелең буынның бағдаршамына айналатын ұлағат иелері қандай бағалауға да лайық!
Ардақты мұғалімдер қауымы, әрдайым қызметтеріңіз жемісті, шығармашылықтарыңыз табысты, шәкірттеріңіз зерделі, қабілетті, тұлғаларыңыз беделді болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас қажыр-қуат, шаңырақтарыңызға ортаймас құт-береке тілейміз!
Төл мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!