"Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй" деп дана Абай жырлағандай, жанды емдеп, көңілді толқытатын музыканы өнердің төресі деуге болады.
Ұлтқа, тілге, шекараға бөлінбейтін, керісінше біріктіруші күшке ие әуен-саз - өмірдің ажары.
Бүгінгі халықаралық Музыка күнімен барша кәсіби және әуесқой музыканттарды, өнердің осы түрін ерекше бағалайтын жандарды, меломендер қауымын құттықтаймыз!
Лайым әр күндеріңіз әсем де әсерлі әндей өтіп, көңілдеріңізде қаяу-мұңға орын табылмасын!
Сұлу сазбен шабыттарыңыз шалқып, қанаттана түскейсіздер!
Өнер мерекесі құтты болсын!