Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды. 2013 жылдың қарашасында бекітілген мереке өндіріс саласының беделін өсіріп, ел игілігі үшін бағытталған ортақ жұмыстың маңыздылығын насихаттауды көздейді.
28.09.2021
552
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әлемдегі өмір сапасының жоғары үлгісіне жету мүддеге сай еңбекті талап ететінін белгілейді. Елбасының бұл бағыттағы көзқарасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында көрініс тапқан.
Тәуелсіз Қазақстан – еңбек мектебінің негізін қалаған ел әулеттерінің отыз жылдық ұмтылысының жемісі. «Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет білдіреміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деді мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.
Еңбек күні қарсаңында мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында Елбасының кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.