ДК нұсқасы
Установить приложение
Шаттық үні естіліп сыңғыр еткен,
Жанарыңда жадырап күлді көктем.
Ең ерекше, меншікті мерекеңмен
Құттықтаймыз өзіңді шын жүректен!
Еш ойламай өмірдің бекер мұңын,
Толы болсын шаттыққа өтер күнің.
Сұлулықпен жыл сайын дәлелдей бер,
Жас дегеннің жай сандар екендігін.
Алға тағы бір қадам басып тұрсың,
Есігіңді бақ-ырыс ашып кірсін.
Басқа амандық, деніңе саулық беріп,
Ұзақ ғұмыр Тәңірім нәсіп қылсын!