Құтты мекен - Қостанай табиғаты көркем, қойнауы кенге толы, астықты өңір. Тарихы мен мәдениеті, өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы дамыған өлке.
Қостанай Қазақстанның ең көркем қалаларының бірі болып саналады. Үнемі таза, әсем безендірілген көшелері еріксіз таң қалдырады. Түнгі көрінісі көздің жауын алады.
Қазақ әндерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ақын-жазушыларымыз туған жерді қалайша ән-жырға қоспасын!
Қала күні қарсаңында сазгер ағамыз Қалибек Деріпсалдиннің «Қостанай-достар-ай» атты әсем әнін назарларыңызға ұсынамыз.