Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бүгін Шәмші ағаның туған күніне орай, назарларыңызға Қостанай облысы мәдениет үйлері әншілерінің орындауында дарын иесінің әндерінен онлайн концерт ұсынамыз.