Осынау әсемдік пен жарасымның, күш-жігер мен жасампаздықтың мерекесімен Қостанай облысының өнерлі жастарын айтуыл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Өткеннен өнеге алып, бақуатты болашаққа бет түзеген, ел үміті мен халық сенімін арқалаған әр өскелең буынға талмас талап, сарқылмас қуат тілейміз!
Ұлттың мақтанышына айналар тұлға болып, арман-мақсаттарыңыз орындала берсін!
Қаруларыңыз – өнер-білім, қалқандарыңыз – рух пен намыс, қанаттарыңыз – талпыныс пен ізденіс болғай!