Қазақ халқының мәдени, рухани әлемінде Абай Құнанбайұлының алатын орны ерекше. Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын. Бір басына сан-қырлы өнер қонған Абай қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан, көптеген әндер тудырған жаңашыл композитор.
10.08.2021
1674
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Ақылдының сөзіндей ойлы күйді тыңдағанда көңілдің өсері бар» - деп Абай атамыз күйшілік өнерді адам жанының ішкі толқынысын, сезімін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізетін рухани құндылық деп бағалаған.
Абайдың күйлерінің де болғандығы жөнінде белгілі күйші, зерттеуші Уәли Бекенов кезінде алғаш зерттеп жазған болатын. Абайдың домбыра шерткендігі бізге белгілі, үш шекті домбырасы ақын мұражайында сақталған.
Сіздердің назарларыңызға Абай күніне арналған ақынның күй мұрасынан бейнежазбаны ұсынамыз.