Жітіқарада XXXVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты халық шығармашылығының байқау-фестивалі өтті
09.11.2024
277
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Фестиваль аясында талантты өнерпаздар түрлі жанрды қамтыды.
Кәсіби қазылар алқасы қатысушылардың жарқын және есте қаларлық өнерлерін жоғары бағалады. Әсіресе, «Даль великая» әнінің хормен орындалуы, Светлана Огородникованың жетекшілігіндегі «Жұлдыздар» вокалды квинтетінің орындауындағы әсерлі «Елім» композициясы, Светлана Бондаренконың жетекшілігіндегі «Вдохновение» ансамблінің «Тополя» әні және Светлана Огородникованың жеке орындаған «Ноктюрн» шығармасы ерекше қошеметке ие болды. Сондай-ақ, халық би ансамблі «Танцевальная графика» ұсынған «Арман» биі көрермендерге көңіл күй сыйлады.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, олардың кәсібилігін одан әрі арттыруға қатысты ұсыныстарын да білдірді.