#REPOST @culture_rudny 🔶 «Өнеріміз саған, Қазақстан!» XXXVII облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреміз:
✅ Міржақып Дулатұлы атындағы №15 жалпы білім беретін мектептің ұжымына, этно-фуршет ұйымдастырушыларына, балалар мен жастардың дамуы мен шығармашылығы сарайының Шах Галина Николаевнаның жетекшілігіндегі сән ательсіне, «Дарын» балаларды дамыту орталығына, «Алтын Домбра»студиясына ерекше ризашылығымызды білдіреміз
✅ Көрмені ұйымдастырғаны үшін Рудный тарихи-өлкетану мұражайына, Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесіне, Тілдерді оқыту орталығына, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясына, Міржақып Дулатұлы атындағы №15 жалпы білім беретін мектепке, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектепке алғыс айтамыз.
✅ Көрермендерге жарқын әсерлер мен ұмытылмас эмоциялар сыйлаған жоғары сапалы дыбыс және бейне сүйемелдеуі үшін «ARTeL» продюсерлік орталығына ерекше алғыс айтамыз.