Бүгін Алтынсарин ауданында XXXVII облыстық "Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті
Аудан өнерпаздары мерекелік қойылымдарды, ән мен күйді тарту етті. Өнерпаздар да концерттік нөмірлерді бір деммен орындап шықты.
Қазақ халық аспатар оркестірінің орындауындағы «Желдірме» күйі өте сәтті шықты. Серік Алпысовтың орындауындағы «Көк бөрі» көпшіліктің бойына рух беріп, кешті асқақтатты. «Мұрагер» қазақ ұлт-аспаптар халық ансамблі де Қазанғаптың «Боз жырғаның бөгелек қағуын» орындап, көрерменге шабыт берді. Юлия Сизухинаның орындауындағы «Музыка туралы...» халық аңызы да сәтті шықты. Көрермендерді «Әуен» тобының халық әні «Екеуің-ай» бір көтеріп тастады.
Іс шараға аудан басшылары, мәслихат депутаттары келіп, қолдау көрсетті.
Фестиваль көңілге қуаныш, бойға шабыт беріп, өнерпаздардың өнерін паш етті.