Шараның мақсаты – өңірдің мәдениетін, өнерін және дәстүрлерін дәріптеу. Фестиваль аясында түрлі өнер ұжымдары мен талантты орындаушылар өз өнерлерін көрсетіп, халық әндері, ұлттық билер мен театрландырылған қойылымдар арқылы қаланың мәдени байлығын паш етті.
Фестивальді Балалар музыка мектебінің оқушылары “Қазақстан – қыран далам” хорымен ашып, Абылай Маудановтың “Елім менің” арнауымен жалғасты. Қостанайдың музыканттары жетіген мен эстрадалық-джаз оркестрімен көрермендерді тәнті етті. Байқау “Қостанайым менің” әнімен аяқталып, көрермендерден ерекше қошемет алды.
Бұл шара өңірдің шығармашылық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, қатысушыларға рухани азық берді.