altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Өңірде XXXVII облыстық “Өнеріміз саған, Қазақстан!” байқау-фестивалі басталып, оған қала мен аудандардың үздік өнерпаздары қатысуда. Фестивальдің бірінші аптасында Федоров, Қарабалық, Мендіқара және Ұзынкөл аудандарының талантты ұжымдары көрермендерді қуантты.
18.10.2024
655
0
Байқауды алғашқы болып осы фестивальдің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Федоров ауданы ашты. Аудан өнерпаздары бұл жолы да қуанта білді.

Домбырашылар ұжымы, балалар өнер мектебі тәрбиеленушілерінің, танымал қолөнер шебері Айдын Диханбаевтың жұмыстары да көрмеде қойылған.

Қазылар алқасының құрамында облыстық филармонияның әртістері, облыстық мәдениет басқармасының, Қостанай педагогикалық колледжінің және облыстық халық шығармашылығы орталығының сарапшылары бар. Байқау қатысушыларын аудан әкімінің орынбасары Валеев Р.Г. құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Кезекте тұрған Қарабалық ауданы өнерпаздары мерекелік қойылымдарды, ән мен күйді тарту етті. Өнерпаздар да концерттік нөмірлерді бір деммен орындап шықты.

Гүлдана Ержанова “Қазакия”, Сәкен Байсенгіров “Сағындым сені” шығармаларын орындады, Григорий Гонтар тыңдаушыларға “Магнолия елкесінде” ретро әнін арнады. Орыс халық аспаптар оркестрі көрермендерді “Ноктюрнмен”, ал “Ручеек” би ұжымы “Бедене” биімен қуантты.
Ұлттық сарындағы әндер де бойға рух беріп, кешті асқақтата түсті.
Кеш “Қазақстан елімнің аты” әнімен аяқталды.
Фестиваль көңілге қуаныш, бойға шабыт берді.

Мендіқара ауданында байқау барысында жергілікті тұрғындар үздік орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалады. Аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, түрлі шығармашылық конкурстардың лауреаты Байдос Қожасағиев “Өлмейтін артыңа сөз қалдырған” термесін орындап, аға буынның жүрегін тебірентті. Сонымен қатар, Томирис Марден жетекшілік ететін “Бадрисафа” хореографиялық ұжымы “Қонақжай құрбылар” қойылымымен көрермендерді қуантты. “Тобыл сазы” вокалдық байқауының лауреаты Азат Тобылұлы Муслим Магомаевтың әйгілі әнін шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді. 40 жылдық тарихы бар «Гармония» вокалдық тобы да әсем әндерімен көпшілікті тәнті етті.

Ұзынкөл ауданында да «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі жоғары деңгейде өтті. Ауданның барлық өнерпаздары сахнаға шығып, туған жерге деген махаббат пен құрметті ән-жырмен жеткізді. Фестиваль барысында арнайы шақырылған сарапшылар мен қазылар алқасы әр қойылымды мұқият бағалап, терең талдау жасады. Ұзынкөл ауданының 85 жылдығы құрметіне орай концертте Махаббат Битаева “Ұзынкөл” әнін орындап, ал “Атамекен” тобы “Туған жер” композициясымен көрермендерді қуантты.

Биылғы өнер додасының алғашқы аптасының қорытындылары көз қуантарлық. Қазылар алқасының айтуынша, былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда биылғы жыл сәтті басталып жатыр деседі. Бір апта бойы көрермен көзайымына айналған аудандарды сәтті шыққан көрсеткіштерімен шын жүректен құттықтаймыз. Облысымыздың басқа өңірлеріне алдағы байқауға сәттілік тілейміз.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдың 90 жылдығы: ән мен әсерге толы мерекелік кеш
Автор: БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР мәдениет үйі
02.08.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру