Ұзынкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқауы-фестивалі өтіп, ауданның барша өнерпаздары бір сахна төріне жиналды. Аудан ұжымдары мен өнерпаздары аянып қалмады. Туған жерді жырға қосып, әннен шашу шашты

Арнайы барған сарапшылар, қазылар алқасы қойылымдарды мұқият бағалап, төрелігін жасады. Көрермендер жергілікті әртістердің шығармашылығын тамашалады.
Биыл Ұзынкөл ауданының 85 жылдығы. Концерт барысында әртістер туған өлкені жырға қосып, көркін асырды. Махаббат Битаева "Ұзынкөл" әнін орындады, ал "Атамекен" тобы көрермендерді "Туған жер"композициясымен қуантты. Вокалдық нөмірлерден басқа, қазылар алқасы мен көрермендердің назарына хореографиялық қойылымдар да тарту етілді.
Ақ жаулықты әжелерден тұратын "Әжелер" вокалдық тобының өнері тіптен тамаша болды. Ауылдың алты ауызы небір әндерді нақышына келтіре шырқады.




