Өңірде XXXVII облыстық "Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі бастау алды. Байқауды алғашқы болып осы фестивальдің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Федоров ауданы ашты
Аудан өнерпаздары бұл жолы да қуанта білді.
Домбырашылар ұжымы, балалар өнер мектебі тәрбиленушілерінің, танымал қолөнер шебері Айдын Диханбаевтың жұмыстары да көрмедеге қойылған.
Қазылар алқасының құрамында облыстық филармонияның әртістері, облыстық мәдениет басқармасының, Қостанай педагогикалық колледжінің және облыстық халық шығармашылығы орталығының сарапшылары бар. Байқау қатысушыларын аудан әкімінің орынбасары Р. Уәлиев құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Фестиваль "Жаркөл" халық театрының орындауындағы поэтикалық-театрландырылған қойылыммен ашылды. Жетекшісі Т. Әжібай, қойылымды Н.Ермак әзірлеген.
Байқау бағдарламасы жанрлардың алуан түрлілігімен таң қалдырды. Ф.Жоламанованың жетекшілігімен "Ақ-кербез" аспаптық триосы А. Құнанбаевтың "Айттым сәлем қаламқас" әнін орындады, А. Бейбітханның жетекшілігімен қазақ халық аспаптар ансамблі "Күн сәулелі Қостанайымым" әнін орындады.
Өнер кеші жоғары деңгейде өтті. Өңірдің халық шығармашылығының үздік өкілдері сахна төрінен көріне білді.