#Repost @erlankalmakov Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған онкүндік өз мәресіне жетті.
Бүгін қорытынды шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов сала ардагерлері мен мамандарын төл мерекесімен құттықтады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған "Еңбек ардагері" медалі, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, грамоталар мен алғыс хаттар өз иелерін тапты. Сонымен қатар, "Өнеріміз саған, Қазақстан" облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Жиналған көпшілік фестивальдің гала-концертін тапжылмай отырып тамашалады.
Осы мерекелік шараны ұйымдастыруға, өткізуге атсалысқан барша әріптестеріме, қалалар мен аудандардан келген шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушыларға ерекше алғысымды білдіремін! Мереке құтты болсын, қадірлі әріптестер!