Бүгін Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында 36-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті.
Мәдени іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы қатысып, барша мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтап, еңбектеріне алғысын білдірді.
Кәсіби мерекеде бірқатар азаматтарға ведомствалық наградалар мен грамоталар табыс етіліп, «Өнеріміз саған, Қазақстан!» көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жүлдегерлері белгілі болып, марапатталды.
Жүлделі 3 орын – Арқалық қаласы. Жүлдегерлер диплом, статуэтка және 1 миллион теңге сомасындағы сертификатпен марапатталды.
Жүлделі 2 орын – Қостанай ауданы. Жүлдегерлерге диплом, статуэтка және 2 млн теңгенің сертификаты табысталды.
1 орын – Рудный қаласы, Жүлдегерлерге диплом, статуэтка және 3 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Ал Бас жүлде – Федоров ауданы, диплом, статуэтка және 5 млн теңге сертификаты табысталды.
Барша жеңімпаздарды, еңбегі еленген азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз.