Өңірімізде дәстүрлі ХХХVI «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі Қамысты ауданынан бастау алды.
Жолға шыққан қазылар алқасы аудан көркемөнерпаздарының өнерін тамашалап, бағалады. Байқауға аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедов, аудан әкімінің орынбасары Айдын Шеденов та қатысты.
Аудандық Мәдениет үйінде алдымен көрме ұйымдастырылды. Өнерпаздар әзірлеген фестивальдің концерттік бағдарламасына қазылар алқасы оң бағасын берді. Аудан өнерпаздары ұйымшылдығымен, таланттарымен, жаңа есімдермен, әндермен, жақсы орындаушылармен даралана білді. Әсіресе, Әсемгүл Ғұбайдуллинаның орындауындағы терме, Жақсыбаевтар дуэтінің орындауындағы «Жолдар» әні, «Сувенир» вокалдық тобы, Қашқымбаевтардың орындауындағы «Туған жер» әні қазылар алқасының көңілінен шықты.
Шараны облыстық мәдениет басқармасы бастап, облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы қостап, ұйымдастыруда.
Алдағы 12 сәуір күні сағат 11.00-де Қарасу ауданында, 15.00-де Сарыкөл ауданында өтеді.