Өңірімізде дәстүрлі ХХХVI «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі бастау алды.
Бүгін арнайы құрылған қазылар алқасы жолға шығып, Қамысты, Жітіқара аудандары көркемөнерпаздарының өнерін бағалап, сараламақ. Талантты жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Шараны облыстық мәдениет басқармасы бастап, облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы қостап, ұйымдастыруда.
Алдағы 12 сәуір күні сағат 11.00-де Қарасу ауданында, 15.00-де Сарыкөл ауданында өтеді.


