Қазақстан Республикасы халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған XXXV - "Өнеріміз саған, Қазақстан! " атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау - фестивалі бүгін Аманкелді ауданында өтті . Аудан намысын қорғаған өнерпаздардың өнері көрермен көңілінен шығып, қошеметке иә болды. Қазақ халық ұлт аспаптары мен "Шабыт"- этно ансамбілінің орындауындағы шығармалар, өзі шығарған "Торғай желдірмесі" шертпе күйін орындаған күйші К. Ахметов, тағы басқа өнерпаздар қазылар алқасынан жоғарғы бағаға ие болды.