Қазақстан Республикасы халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған ХХХV «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі жалғасын тауып жатыр. Бүгін, 26 сәуір күні Лисаков және Рудный қалаларының мәдени ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
Байқау-фестивальдің комиссиясы ең әуелі сағат 11.00-де Лисаков қаласының өнерпаздары әзірлеген бағдарламаны тамашалады. Мұндағы ұжым әдеттегідей жоғары дәрежеде дайындалғандарын дәлелдей алды. Соған сәйкес, төрешілер тарапынан жоғары бағалауға ие болды.
Ал Рудный қаласындағы өнер думаны сағат 15.00-де "Горняк" мәдениет үйінде басталды. Кеншілер қаласының дарынды майталмандары да көрермендер мен қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөлей алды. Рудныйлық өнерпаздардың даярлығын да комиссия алқасы жақсы бағалады.