altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
08.11.2021
1707
0
Қостанай облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХІV облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалі өтті. Кең ауқымды іс-шараға өңірдің барлық аудан қалалары атсалысты.
 
Естеріңізде болса, біздің ресми сайтта әрбір аудан-қалада өткен байқау туралы шағын көлемді материалдар жарияланып отырды. 
 
Іс-шараны қорытындылаған Мониторинг бөлімінің ақпаратынша, мәдениет думанына ұзын саны 1061 өнерпаз қатысып, фестиваль аясында 1980 көрермен қамтылған. Облысқа қарасты барлық өңір фестивальге зор жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындалғандарын көрсетіп, қай-қайсысы да жергілікті халық пен комиссия мүшелері үшін ұмытылмастай әсерлі өнер кештерін сыйлады. 
 
Қазылар алқасының жалпылама бағалауынша, барлық аудан-қаланың сахна шеберлері концерттік бағдарламалары арқылы Тәуелсіздік тойына тамаша тарту жасап, тақырыпты жан-жақты аша алды. 
 
Әлемді жайлаған пандемия кесірінен дәстүрлі фестивальді өткізу бірер жылға тоқтағаны баршаға мәлім. Осы уақытша үзіліске қарамастан, өнерпаздар деңгейінің өскенін айтып отыр ұйымдастырушылар. Үміт үдесінен шығып, талғам биігінен көріну үшін кім-кім де бар мүмкіндіктерін сахна төрінде паш етіп, лайықты бағаларын алған. Дәстүрлі өнердің жаңғырғаны да, жаңашыл бағыттардың да өңір өнерпаздардың бойына сіңісті бола бастағаны, фестивальді ескі сарынмен қабылдаудың етек алғаны айқын аңғарылды.
 
Фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан әр өңір басшылығына разылық білдіруге болады. 
 
Өйткені олар жергілікті мәдениет қызметкерлерімен, өнер иелерімен бірлесе отырып, өз өлкелерінің намысын қорғауға барлық күш-жігерлерін жұмылдырды. Тағы бір тәнті еткен, этно ұжымдар қатары арта түскен. Ұлт өнеріне көптеп ден қойыла бастағаны қуантады.
 
Сондай-ақ, облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Әзімжанова бастаған әділқазылар алқасына ерекше алғыс сезімін білдіреміз. Өйткені осы команда фестиваль басталған күннен-ақ, ай бойы облыстың әр өңірін аралап жүріп, әр өнерпаздың лайықты бағаларын беру үшін табанды жұмыс істеді. Қарасы қалың қатысушылардың ішінен үздіктерді іріктеп, саралап алу оңай еңбек емес екенін түсінеміз. Енді осы өнер жарысында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды марапаттауға арналған қорытынды кеш өткелі отыр.
 
Жалпы,өңір өнерпаздарын ынталандыруды, шығармашылықтарына демеу беруді көздейтін фестиваль жыл сайын жалғасын тауып, облыс мәдениетін дамытуға зор септігін тигізе береді деп сенеміз! 
 
Қадірменді әріптестер, баршаңызды байқаудың ойдағыдай аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдың 90 жылдығы: ән мен әсерге толы мерекелік кеш
Автор: БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР мәдениет үйі
02.08.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру