1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс қаһарманы Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының құрметіне арналып өткізілген «Бас кеспек болса да...» атты республикалық ақындар айтысы жөніндегі хабарлама
2017 жылғы 16 қыркүйекте Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының құрметіне арналған «Бас кеспек болса да...» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Бұл іс шара ұлттық айтыс өнерін дамыту, оны жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен алты жұптан тұратын айтыскер ақындар өнер көрсетті. Сөз шеберлері Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және өзге де облыстардан қатысты. Біздің өңірдің ақындары да тамаша өнер түрін көрсете білді. Әр ақынның өзіндік ерекшеліктері мен орындау қабілеттері аңғарылды.
Айтыстың Бас жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Маржан Есжанова жеңіп алды.
Республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары:
Бас жүлде – Автокөлік – Маржан Есжанова (Оңтүстік Қазақстан облысы);
І орын – 1 000 000 – Айбек Қалиев (Қостанай облысы);
ІІ орын – 700 000 – Мұхтар Ниязов (Қызылорда);
ІІ орын – 700 000 – Дидар Қамиев (Қарағанды облысы);
ІІІ орын – 400 000 – Әсем Ережеқызы (Семей қаласы );
ІІІ орын – 400 000 – Саягүл Бірлесбек (Алматы);
ІІІ орын – 400 000 – Тоба Өтепбаев (Астана).
Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттармен марапатталды.
Айтысты өткізудегі мақсат– айтыс өнерін жастар арасында насихаттай отырып, құнды мәдени мұрамызды халық арасында таныту.