МАУСЫМ, 2017. «МЕН ҚАЗАҚПЫН» республикалық телевизиялық мега жобасы
19.06.2017
2458
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
8-14 маусым аралығында «Мен Қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің Республикалық телевизиялық Мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі болып өтті.
Бұл жобаның мақсаты дәстүрлі ән, терме, күй номинациялары бойынша Қостанай облысының үздік өнерпаздарын анықтау, олардың шығармашылығының одан әрі дамуына қолдау көрсету болып табылады.
Байқауға Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан 62 адам қатысты.
Облыстық мега жобасының іріктеу турлары екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде қазылар алқасының мүшелері «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының түсірілім тобымен бірге 6 маусым күні Меңдіқара, 8 маусымда Аманкелді ауданында, 13 маусым күні Қостанай қаласында алдын ала тыңдау жүргізді.
2017 жылғы 14 маусымда мега жобаның екінші кезеңі – іріктеудің ақтық туры өтті. І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының фойесінде өңіріміздің мәдени, әдеби, рухани өмірінен сыр шертетін қолөнер шеберлерінің және кітап көрмелері ұйымдастырылды.
«Мен Қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің Республикалық телевизиялық Мега жобасының облыстық іріктеу кезеңінде алдыңғы тыңдау турларынан өткен 20 жеңімпаз өнер көрсетті. Телевизиялық мега жобасының қатысушыларына Дипломдар мен тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар табысталды.
«Мен қазақпын» мега жобасының дәстүрлі ән номинациясы бойынша жеңімпаз – Қыдырбек Қиысхан (Қостанай қ.), «жыршы-термеші» – Мақсат Нұрмұхамедов (Жанкелдин ауд.), күй номинациясы бойынша Данияр Рысбеков (Арқалық қ.) үздік шыққан өнерпаздар республикалық жобаға жолдама алды. Мега жоба жеңімпаздар республикалық сайыста Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.