Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында «Жастар» сарайында халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнер фестивалі басталды
Ашылуында қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов сөз сөйлеп, баршаны құттықтады.
Би кешіне Қырғызстан, Башқұртстан, Ресей Федерациясынан және еліміздің әр өңірінен би ұжымдары келді.
Биыл фестиваль алтыншы рет өтіп отыр. Осы уақытқа дейін 80-нен астам би ұжымы қатысқан екен. Ал биылғы келген 9 ұжымның 4-і алғаш қатысып отыр.
Халқымыздың басты құндылығы — бейбітшілік пен бірлік. Қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен мәдени мұрасын би фестивалі паш етіп, жалғай бермек.
Ертең фестивальдің екінші күні өтеді.



