Қостанай қаласында V халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнер фестивалі өз мәресіне жетті

Екі күн бойы қостанайлық көрермен би өнерін тамашалап, рухани демалды.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов барша өнер ұжымдарын марапаттап, осындай би кешін ұйымдастырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Шамел Фахрутдиновқа алғысын білдірді.
Наурызбен тұспа тұс келген Фестивальдің мақсаты — түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Фестивальге Қырғызстан (Бішкек қ.), Өзбекстан (Ташкент қ.), Башқұртстан РФ (Стерлитамак қ.), Татарстан РФ (Қазан қ.), Челябинск РФ, Қазақстан және Қостанай облыстарының балалар-жасөспірімдер хореографиялық би ұжымдары қатысып, өз ұлтының лебізін бимен жеткізіп, көңіл күй сыйлады.

























































