Қаламызда 21 наурызда «Жастар сарайында» «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында «Наурыз достарын шақырады» IV халықаралық халық би фестивалі бастау алды.
Құттықтау сөзбен фестивалді Қостанай облысының әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев ашты.
Фестивальдің негізгі миссиясы түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Байқаудың құрылтайшылар мен ұйымдастырушылары Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласының әкімдігі, Қостанай облысының білім басқармасы, Қостанай облысының мәдениет басқармасы. Бұл фестивальді өткізуге бастамашы болған әлемнің көптеген еліне танымал қостанайлық «Карнавал» хореография мектебі.
Фестивальге Қырғызстан (Бішкек қ.), Өзбекстан (Ташкент қ.), Башқұртстан РФ (Стерлитамак қ.), Татарстан РФ (Қазан қ.) елдерінің, Қарағанды және Қостанай облыстарынан 200 бала мен 10 би ұжымы арнайы келіп, қатысты.
Фестивальдің мақсаты Қазақстанның заманауи мәдениеті мен хореографиялық өнерін дәріптеу, балалар мен жастардың хореографиялық шығармашылығын насихаттау және қолдау, ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар, шығармашылық және кәсіби бәсекеге қабілеттілік негізінде балалар мен жастардың өзін-өзі жүзеге асыру.